Мақтаарал ауданына Қостанай және Павлодар облыстарынан арнайы делегация келген болатын. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Абенов және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Утешов бастаған делегация Мақтарал ауылдық округіне қарасты қырыққабат өсірумен танымал болған Есентаев ауылының шаруалармен кездесіп, қырыққабат өнімін өткізу нарықтарын айқындау мақсатында арнайы мәжіліс өтті.
  Жиынға тиісті облыстық басқарма басшылары, ірілі-ұсақты кәсіпкерлер, шаруалар қатысты. Делегация мүшелері Мақтаарал ауданының қырыққабат өнімдеріне деген сұраныс солтүстік өңірлерде жоғары екенін айтып, өздерінің қызығушылықтарын танытты.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Абенов қырыққабат дақылын сатып алу шарттарын ұсынып, жергілікті шаруалардың аталған шартқа деген көзқарастарын нақтылады. Жиында түрлі ұсыныс-пікірлер айтылып, шаруалар қырыққабат өнімі дайын болған кезде қосымша келісім жүргізетіндерін бірауыздан хабарлады.
  Айта кетейік, 2020 жылы әлемдік пандемия күшейген тұста қырыққабат өнімінің сатылуына кедергілер туып, нарықтағы бағасын күрт төмендетіп жіберген еді. Шаруалардың жанайқайын естіген аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы шара қабылдап, қырыққабат өнімін сату және өткізу бойынша ауданның дистрибьютері ретінде кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Шампиевті бекіткен еді.
  Нәтижесінде сол кезде құрылған еліміздегі барша блок-бекеттерден кедергісіз өту үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы елдегі барлық облыстармен меморандум түзілді. Осылайша «Біз біргеміз!» логотипін жапсырып алу арқылы блок-бекеттерден кедергісіз өту мүмкіндігі жаратылған еді.
«Әрине, кейіннен блок-бекеттердің барлығы ашылып, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың беті бері қарады. Дегенмен, қауіп толық сейілді деп айта алмаймыз. Сондықтан, қырыққабатты сату мәселесіне қатысты шараларды алдын-ала қабылдай берген жөн» – деді Б.Шампиев.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ САТУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСКЕН ЖОҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған