Құрметті аудан тұрғындары!
   Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Алғыс айту күні – бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этнос халқының ортақ тарихи құрметтеу күні.
    Алғыс айту күнін атап өтудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазаққа тән құндылықтарды бағалау болып табылады.
    Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.
   Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық дәстүрлердің жалғасын табуы әлеуметтік ынтымақтастығымыздың өнегелі өлшеміне айналды.
   Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
    Қадірлі жерлестер!
  Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай ортырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
  Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!
  Ізгі тілекпен, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай!
ҚҰТТЫҚТАУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған