Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенін дамыту жөнiндегi 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасынын iске асыру тетіктерін және 2022 жылға ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан бөлінетін қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Шәріпов Жүсіп Шәріпұлы ауданға келіп, шаруалармен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Таженов,Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ж.Алжанов, Шардара аудандық фермерлер қауымдастығының төрағасы Қуан Сейсен Бахытжанұлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, қала-ауылдық округтердің әкімдері ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив төрағаларыжәне БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Ж.Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының талқылау барысында жасаған есебінің бейнеролигі көрсетілді.
Бұдан бөлек аудандық фермерлер қауымдастығының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Сонымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық фермерлер қауымдастығының төрағасы Қуан Сейсен Бақытжанұлы сөз алып, аудандағы бірқатар түйіткілді мәселелерге талқылау жасады. Мәжіліс барысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобанын іске асыру тетіктерін және 2022 жылға ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан бөлінетін қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру үшін Қазақстан фермерлер қауымдастығы » Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының төрағасы Жүсіп Шәріпұлы сөз алып, ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы басты факторларға тоқталды. Ол Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының жетістіктеріне тоқталып, әр дақылдың және мал басы мен балық шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстарын сөз етті. Оған қоса, ауыл шаруашылығы өнімінен шығатын түрлі шикі заттарды өңдеуге бейімделу керек екендігін және шаруаларға жанармай мен тыңайтқыштарды уақытылы әрі жеткілікті түрде тасмалдау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, ауданның шаруа қожалық төрағалары мен шаруалар жарыс сөзге шығып, өз мәселелерін айтып, шешу жолдарын талқылады.
Шара соңында «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Шәріпов Жүсіп Шәріпұлы ауыл шаруашылығына еңбегi сiңген бiр топ ардагерлерді және озат фермерлік қожалық басшылары марапатталды.
ФЕРМЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ ТӨРАҒАСЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ