Мақтаарал ауданындағы «Ақ алтын» ауылында дүниеге келген Дильдора ес білгелі өздігінен жүріп, тұра алмады. Бертін келе бір аяғының ауырғаны аздай, екінші аяққа да салмақ түсті. Дильдора 2-сыныпта оқып жүргенінде Өзбекстанда аяғына ота жасалады. Ота сәтті аяқталып, ол үйіне балдақпен келеді.

Дильдора талай қиыншылықты бастан кешірсе де, өмір сүруге өте құштар жан. Оның талпынысын ешкім де тоқтата алмайтын еді. Ол 12 жасынан бастап үйде отырып тігін тігуді үйренді. Сол ісін одан әрі дамытып, түрлі тапсырыстар қабылдай бастады.

Дильдораға коксартроз (буындардың созылмалы дегенеративті дистрофиялық ауруы) деген диагноз қойылған. Нақтылай айтқанда ұршық сүйегінің басы және жамбас сүйегі мүжілген. Алайда, өмірге құштар Дильдора Шакарова қарап отыра алмады. Өжет қыз 2022 жылы Мақтаарал аграрлық колледжіне бухгалтерия мамандығы бойынша бір жылдық курсқа түседі. Оны бітірген соң спортқа деген қызығушылығы арта түседі.

Жуырда тірек-қимыл аппараты және көтеру органдары зақымданған спортшылар арасында қол күресінен Қазақстан Республикасы кубогі жолындағы бәсеке мәреге жетті.  Дильдора осы жарыста 1-орынды жеңіп алды. Ол өзінің алға қойған мақсатына жетпей тоқтамайды. Соның нәтижесінде биік белестерді бірінен соң бірін бағындырып келеді. Көкшетау, Тараз қалаларында өткен жарыстардан да жүлделі оралды. Өжет қызға «жеңіс жеңіске ұлассын!» демекпіз.

Ирода НАСИРОВА,

М.Әуезов атындағы ОҚУ журналистика факультетінің 2-курс студенті.

ДИЛЬДОРА – ӨЖЕТ ҚЫЗ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған