«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп М.Әуезов айтқанындай, №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 14 – 24 қазан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің жоспарлауымен «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің жоспарында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңдіретін, дәріптейтін түрлі іс- шаралар енгізілді.

Онкүндіктің ашылуының өзі «Ұлттық құндылықтар әлеміне саяхат» деген тақырыппен оқушыларға ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киім үлгілері мен «үлкенге құрмет,кішіге ізет» көрсету сияқты көріністермен ерекшеленді . Онкүндік барысында білім алушылар ашық сабақтар мен сабақтан тыс шараларға, ойындарға, байқауларға қатыса отырып ұлттық құндылықтардың кәусар бұлағынан сусындады. Атап айтар болсақ, 2 «Ә»  сынып жетекшісі Ақылбекова Боранкүл апайымыз ата- аналармен өткізген «Салауатты өмір салты – басты құндылығымыз» тақырыбында тренингі өте мағыналы болды. Сондай -ақ, 4- сынып жетекшісі Сапарбаева Қалиманың «Ұлттық құндылықтар математика сабағында» атты ашық сабағы оқушыларға есептеу жолында ұлттық санау, өлшем бірліктері сияқты есептеу үлгілерін үйретуі онкүндік тақырыбымен керемет ұштаса білді.

3 «А» – сынып жетекшісі Оңалбекова Анар апайдың Әдебиеттік оқу пәнінен өткізген «Алтын сөз» тақырыбындағы ашық сабағы білім алушыларға дұрыс сөйлей білу де басты құндылықтарымыздың бірі екендігін дәріптеп берді. 1 «Ә» сынып жетекшісі М.Ақылбекованың  ата – аналармен «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелі, «Ою- өрнектер сөйлейді» тақырыбындағы өткен суретшілер байқауы, ұйымдастырушы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Оңғарбаева Манат апайымыз, 1 «А» сынып жетекшісі Утегенова Болсынай апайдың өткізген  «Менің отбасым – бақыт мекенім» тақырыбындағы ашық сабақ, 2 «А» – сынып жетекшісі Н.Базарбекованың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Н мен Ң дыбыстары» тақырыбындағы ашық сабағы,  4 «Ә» -сынып жетекшісі Исматова Надыра апайдың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз» сабақтан тыс сабағы, 3 «Ә» сынып жетекшісі Муратова Нұрсұлу апайдың Қазақ тілі пәнінен өткізген «Х,Һ дыбыстары» тақырыбындағы ашық сабақтар, МАДТ тәрбиешілері Қ.Есенбекова мен М.Юсупованың ұйымдастырумен өткізген «Ұлттық ойындар – ұлттық құндылықтардың басты кепілі» тақырыбындағы «Толағай» спорттық ойыны  жас ұрпақ үшін басты құндылық болатын білім нәрі бола білді деп айтуымызға болады. Онкүндік жоспарға сай өткізіліп, марапаттау шаралары өткізілді.  

Г.ОМАРОВА,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ бастауыш сынып ӘБ жетекшісі.

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

mrking mrking giriş kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres mrking mrking giriş