Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» атындағы орталық стадионында   «Елім, Жерім, Отаным» деп қаны, жаны, терімен еңбек еткен Соғыс ардагерлерінің құрметіне және аудан тұрғындары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық деңгейде Мақтаарал ауданының ашық біріншілігі болып өтті.

Осы біріншіліктің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров арнайы қатысып, спортшылар мен ұйымдастырушыларды құттықтады.

«Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Ауданымыздың жаттықтырушылары мен спортшылары алдағы уақытта да аудан мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тәжірибелерін аянбай жұмсарына күмәнсіз сенеміз. Бүгінгі жарысты ашық деп жариялаймыз. Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!» – деді, Нұрбол Жақсылықұлы.

Ауданымыздың Прокуратурасы, Мақтаарал ауданы бойынша «Қазақстан ардагері», «Зағиптар және Мүгедектер» қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен және «Мырзакент» спорт клубының ұйымдастыруымен соғыс ардагерлерін еске алу, аудан жастары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында футбол ойынын дәріптеу мақсатында өткен осы жарыста – Кентау қаласы, Түркістан қаласы, Төлеби, Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай және өз ауданымыздан барлығы жалпы 16 команда өз бақтарын сынады.

Тартысқа толы өткен облыстық жарыстың қорытындысы бойынша өз қарсыластарынан озық шыққан  «Кентау» спорт клубының командасы чемпион атанса, «Жетісай» спорт клубы командасы екінші орынды иеленді. Ал, үздік үштіктен көрінген «Мақтаарал» ауданының командасы қола медал иегері атанды.

Осылайша қызықты өткен сайыстың соңында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және үздік ойыншылар демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар мен кубоктар және медальдармен мараппатталды.

АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТУРНИР ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған