Жетісай ауданының кәсіпкерлеріне өз мүмкіндіктерін жан-жақты мүмкіндік  жасау үшін қазіргі таңда Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 31 гектар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, жыл соңына дейін қайтару жұмыстары толығымен аяқталатын болады.

Осы аталған индустриялық аймақта 47,6 млрд. теңгелік 1 862 жұмыс орнын құрайтын 11 жоба орналастыру жоспарлануда екен. Атап айтар болсақ:  

  1. «PETROLUX» ЖШС «Сүт өнімдерін өндіру зауыты», құны 17 млрд.теңге, 200 адам жұмыспен қамтылады; Жылына 3 000 тонна сыр өндіріп, жлыдық өнім көлемі 1,7 млрд. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
  2. «OMAD START KAZAKSTAN» «Тамшылатып суару жабдықтары зауыты» құны 1 млрд.теңге, 25 адам жұмыспен қамтылад. Жылдық өнім көлемі 200 млн теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
  3. «UNIGLOBALTRADE» «Өсімдік майын өндіру зауыты» құны 1 млрд. теңге, 50 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 3 000 тонна май өндіріп, жылдық өнім көлемі 300 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
  4. «САЛТАНАТ» ауыл шаруашылығы техникаларын жабдықтары зауыты. Құны 500 млн.теңге, 30 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 100 мың дана өндіріп, жылдық өнім көлемі 450 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
  5. «TST JETYSAY TEXTILE»  ЖШС «Тоқыма фабрикасы», құны 9 млрд.теңге, 350 адам жұмыспен қамтылады. Жүзеге асатын мерзімі 2027ж.
  6. «TST JETYSAY TEXTILE»  ЖШС «Тігін фабрикасы», құны 2,5 млрд.теңге, 600 адам жұмыспен қамтылады. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.
  7. «ALFA ALFA» ЖШС-і  «Жоңышқа түйіршіктеу өндірісі». Құны 500 млн.теңге, 28 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 10 мың тонна өңдіріп, жылдық өнім көлемі 250 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2026ж.    
  8.  «ZHEJING JIUSHUN TEXTILЕ» ЖШС «Жіп иіру фабрикасы» құны 9 млрд млн.теңге, 500 адам жұмыспен қамтылады. Жылына 9 мың тонна өнім өндіріп, жылдық өнім көлемі 2,1 млрд теңгені құрайды.Жүзеге асатын мерзімі 2028ж.
  9. «M-ALI» ЖШС-і  «Тоқыма фабрикасы» құны 6,0 млрд. теңге, 200 адам жұмыспен қамтылады; Жылдық өнім көлемі 1,8 млрд теңгені құрайды. Жүзеге асатын мерзімі 2029 жыл.
  10. «ҚУАНЫШ-98» ЖШС  «Жеміс жидекті консервілеу зауыты», құны 600 млн теңге, 36 жаңа жұмыс орны, 2026 ж.

ЖК «НАДИРОВ» «Жүнді қайта өңдеу цехы», құны 500 млн теңге, 18 жаңа жұмыс орны, Жүзеге асатын уақыты 2026 жыл.

АУДАНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған