Мақтаарал ауданы,  Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының тұрғындары өздерінің туып-өскен жерін көркейту мақсатында «А-15» автожолының бойында орналасқан аяқжолдың бойынша 15 дана орындық пен 15 дана қоқыс салғыш орнатқан болатын.

Бұған дейін мектепке баратын оқушылардың қауіпсіздігі үшін Алғабас ауылында 3 шақырым жерге аяқжол, 2,4 шақырым жерге жарықшам бағаналары орнатылған болатын. Сонымен қатар, «А-15» республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасан ауылға аудан әкімінің бастамасымен арнайы жер дайындалып, аумағы қоршалып, көшеттер егілген еді. Ауылдың мектебі күрделі жөндеуден өтіп, бүгінгі таңда мәдениет үйінің де құрылысы жүріп жатыр. Елдімекенде барлық коммуналдық мәселелер өз шешімін тапқан.

«Туған жер, туған ауыл – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қадам басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Қайда жүрсек те кіндік қанымыз тамған жерді ұмытпауымыз керек. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Сондықтан, ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен туған жеріміз Алғабас ауылын көркейту мақсатында осындай жұмыстарды қолға алдық» – деді, ауыл биі Асқар Елшиев.

Аудан әкімі Бақыт Асанов жол-жөнекей осы  Алғабас ауылындағы құрылыс жұмыстарына куә болып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылын көркейтуге атсалысқан азаматтарға алғысын айтты. Республикалық «А-15» автожолының Атакент-Мырзакент бағытымен жолаушылар көп жүретіндіктен, аталған ауылды көркейту – өте маңызды екенін түсіндірді.

Атап айтарлығы бүгінгі таңда Мақтарал ауданында қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән берілуде. Тазалықты сақтау әрбір азаматтың басты міндеті деп санайтын  мақтааралдықтар өздері тұрып жатқан кенттер мен елдімекендерде, халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың және каналдар мен арық-атыздардың бойына санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен тазалық іс-шарасына жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп, балабақша ұжымдары, аудан бойынша шекара басқармасының сарбаздары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары, қоғам белсенділері және жалпы аудан тұрғындары белсене қатысуда.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығын қорытындылау мақсатында Мақтаарал ауданында тұрғындардың жаппай қатысуымен сенбілік өтті. Осы жалпы сенбілікке 3450 адам, 16 техника қатысып, 35 тонна күл-қоқыс шығарылды. 56 шақырым көше, 7,4 шақырым аяқжол, 22,6 шақырым каналдар мен арық-атыздардың және 3,9 шақырым ирригациялық жүйелердің бойлары күл-қоқыстан арылды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1,5 гектар саябақ және 1,4 гектар скверлердің аумағы тазартылды. 12 дана автобус аялдамалары және 850 дана талдар ақталды. 2 дана балалар алаңшасы мен 3 дана спорт алаңшалары ретке келтірілді. 2455 шаршы метр үй іргелік жерлердің аулалары тазаланып, 850 шаршы метр тұрғын үй қасбеттеріне әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 21 дана көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, жертөлелері мен кіре берістері тазаланды.

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРҒА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған