Мақтаарал ауданында күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәулік бойы қызметте жүрген полицейлер түрлі жағдайлардың алдын алып, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырады. Осындай жұмыс күнінің бірінде тәртіп сақшылары, мас халде көлік тізгіндеген бірнеше жүргізушілерді анықтап, соның салдарынан болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алды.
Мәселен патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанттары Бағлан Сейілханов пен Қанат Әлсейітовтер Мырзакент көшелерінің бірінде тыйым салынған жерге көлігін қойып қойған, оған қоса қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушінің «Daewoo Matiz» маркалы көлігін тоқтатады. Тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру кезінде, күдіктінің масаң күйде екендігін байқап, бірден медициналық сараптама тағайындалады. Оның қорытындысымен жүргізушінің есірткілік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі» бойынша тіркелді. Осылайша жол ережесін бұзушыға қатысты тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. Соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ескертеді: мас халде көлік басқармаңыз, жылдамдықты асырмаңыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтап, тәртіпке бағыныңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі.
Мақтааралдық тұрғын есірткілік мас халде көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды