Бүгін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов ауданымызға іссапармен келді. Вице-министр Қызылқұм және Алатау батыр ауылдарында ПУИД-2 бағдарламасы арқылы (каналдарды бетондау, тазалау, қашыртқыларды қазу,) жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
  Сондай-ақ, жергілікті шаруа қожалық басшылары және диқандармен кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында қосымша каналдардың да күрделі жөндеуден өткізу, жұмыс сапасына баса назар аудару және уақытылы бітіру секілді өтініштер айтылды. С.Қожаниязовқа жергілікті мәслихат депутаттарының тарапынан да «депутаттық сауалдар» қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
  Вице-министр ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер компания басшыларна істі барынша қарқынды атқарып, каналдарды диқандардың егістігіне барынша қолайлы етіп жасап, үлкен жобаны сапалы түрде абыроймен аяқтау керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ПУИД-2 жобасына жауапты мамандар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштерін тыңдап, барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, қаралатынын айтты.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ШАРДАРА: ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған