Мырзакент кенті – «аудан орталығы» статусына ие болғалы көркейіп, жан-жақты дамып келеді. Орталықта түрлі кәсіпкерлік нысандары ашылып, халыққа қызмет көрсету сапасы барынша жақсаруда.
  «Назар» шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған «Мырзакент» моншасы ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қоғамдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов әлемдегі қиын жағдайға қарамастан ауданда шағын және орта бизнес дамып келе жатқанын айтты.
 «Жаһандық пандемияға қарамастан, Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары күн сайын артуда. Міне, бүгін заманауи үлгіде салынған қоғамдық монша тұрғындарымыз үшін қызмет көрсетуді бастады. Бұл – ауданда шағын және орта бизнестің дамуының бір көрінісі» – деді Ө.Мырзамдамов.
  Жаңа моншаның аумағы 1245 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 16 соток жердің аумағында орналасқан. Нысанда 8 кешенді кабина және ерлерге, әйелдерге жеке-жеке қарастырылған жалпы кабиналар бар. Кабиналарда еуро-люкс стандарттарына сай келетін киім сақтайтын қойма, бассейн, жуынатын және кептірілетін бөлмелер бар. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы.
  Мырзакент моншасы бір уақытта 120 адамды қабылдай алады. Кешенде қоғамдық тамақтану орны орналасқан және мұнда түрлі елдің асханаларынан дәм татуға жағдайлар қарастырылған. Тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 15 адам жұмысқа қабылданыпты. Тұрғындар үшін қызмет көрсету бағасы да қолжетімді болмақ.
Айта кетейік, жаңадан ашылған «Мырзакент» моншасында карантин режиміне байланысты санитарлық талаптар қатаң түрде сақталатын болады.
 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
МАҚТААРАЛДА «МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

mrking mrking giriş kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres mrking mrking giriş