Жетісай өңірі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аумақ. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Жетісай ауданында, жалпы ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын 78. 500 гектар жер бар болса. Соның былтыр 1170 гектарына қырыққабат егіліп одан 36 мың тонна өнім жиналған. Осы күнгі мәлімет бойынша Жетісай ауданында 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған.
  Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Ж. Ералиев ауылдық округі «Жаңа дәуір» елді мекенінде орналасқан «Шаблан» шаруа қожалығы төрағасы Толбаев Нұрлан, өзінің иелігіндегі 3,5 гектарға қырыққабат егіп, одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол 50 тонна өнім жинаған. Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға және республика аумағына жөнелткен.
» Қазақта жыл егіз емес деген сөз бар. Былтыр қырыққабат егіп аздап шығынға батқанымыз рас. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында күз айының соңында, қыс мезгілде сатамын деп қырыққабат ектім. Құдайға шүкір еңбегіміз ақталды» дейді Толбаев Нұрлан.
  Одан бөлек, шаруалардың тындырымды еңбектерінің арқасында былтыр 65,5, млрд. теңге немесе 101,9%-ға ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе.( оның ішінде мал шаруашылығы 13 млрд 99 млн, өсімдік шаруашылығы 48 млрд, 320 млн құрады).
  Былтырғы жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артық өндірілген.
Бұл салаға 2020 жылы 2 млрд 600млн. теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі екі есеге артқан. Күзгі және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 9 500 тонна жанар-жағармай тасымалданды.
  Қосымша айта кететін болсақ, ауданда жалпы 959 гектар алқапта алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 343 жоба өз жұмысын бастаған.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИХАНДАР ҚЫС МЕЗГІЛДЕ 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ АРТЫП ҮЛГЕРДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған