Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «Кенжебай Ата-Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасында «Ұлттық мұра – тәрбие бастауы: мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтар негізінде құзыреттілік орта құру арқылы рухани тәрбие беру» атты ауқымды семинар өтті.

Семинар аясында тәрбиеші ретінде мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобында «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында оқу қызметін ұйымдастырдым. Сабақтың мақсаты – балаларға мамандықтар әлемі туралы алғашқы түсінік беріп, еңбекке қызығушылықтарын ояту және үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында балалар өз армандарымен бөлісіп, түрлі мамандықтармен танысты. «Фортуна» әдісі, дидактикалық ойындар, рөлдік тапсырмалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылған бейнематериалдар арқылы оқу қызметі қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар мамандық иелерінің қоғамдағы рөлін түсініп, еңбекке құрметпен қараудың маңызын ұғынды.
Нәтижесінде тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігі артып, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық сияқты адамгершілік қасиеттері нығая түсті.
Баланың бүгінгі арманы – ертеңгі мамандықтың бастауы. Сондықтан әр баланың қызығушылығын қолдап, дұрыс бағыт беру – педагогтың маңызды міндеті.
Аталған тәжірибем облыстық семинарда таныстырылып, кәсіби еңбегім жоғары бағаланып, облыстық деңгейдегі арнайы дипломмен марапатталдым.
Сейтханова Жанар Болатовна,
» Кенжебай Ата- Шаңырақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
