«Аяулым»бөбек жайбақшасында тәрбиеленушілерге «Жас өрт сөндірушілер» атты қызықты тәрбиелік іс-шара өткіздік. Балаларды топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар берілді. Алғашқыда балалар өрттің қауіптілігі мен қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме тыңдады. Кейбірі сұрақ қойды:

– «Өрт шықса, біз не істейміз?»
– «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай қолдануға болады?»
Балалар өз ойларын білдіріп, жауап беруге тырысты. Бір топтың баласы: «Егер өрт шықса, біз бір-бірімізге көмектесіп, қауіпсіз жерге шығамыз!» деді. Басқа бала: «Мен өрт сөндіргішті қолдануды білгім келеді» деп сұрады.
Кейін балалар тәжірибелік жаттығуларға кірісті. Олар өрт сөндіру құралдарының макеттерімен танысты, шланг арқылы «су шашып» көрді. Барлығы ойнай отырып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, өздерін сенімді сезінді. Топтық ойындарда әр бала өз рөлін атқарып, бір-біріне көмектесті, тапсырмаларды бірге орындады.
Балаларға бейнероликтер көрсетіліп, суреттер арқылы өрттің қауіптілігі түсіндірілді. «Менің ойымша, өртке қарамайтын болсақ, бәріміз қауіпте боламыз», – деді бір қыз бала. Басқа бала: «Егер біз тез әрекет етсек, ешкім зардап шекпейді» деп толықтырды.

Мұндай іс-шара балаларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, тәжірибе жүзінде қауіпсіздік ережелерін қолдануға үйретеді. Сондай-ақ, балалардың ұйымшылдығы, батылдығы, жауапкершілігі дамиды. Әрбір бала өзін «кіші өрт сөндіруші» ретінде сезініп, топпен бірлесіп әрекет етуді үйренді.
Іс-шара соңында балалар өз ойларын айтты: «Мен өрт қауіпсіздігі ережелерін енді жақсы білемін», «Мен достарымды қауіптен қорғауды үйрендім», «Мен өрт сөндіргішті дұрыс қолдануды білгім келеді». Бұл олардың өзара көмектесуге, жауапкершілікке және қауіпсіздікке мән беруге үйренгенін көрсетеді.
Осылайша, «Жас өрт сөндірушілер» іс-шарасы балалардың жан-жақты дамуына, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларына және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Нагима БЕГАЛИЕВА,
МКҚК «Аяулым» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.
