Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жетісай спорт клубының ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Аталған жарысқа Мақтарал ауданынан 3 команда, Келес ауданынан және Жетісай ауданынан барлығы 6 команда қатысып, жас былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады.

Бұл бәсекеде Нұртаза Исмаилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары да белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда,
2013–2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында 40 келі салмақ дәрежесінде Тойшыбек Ерасыл ІІІ орынды иеленді.
2011–2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында 40 келі салмақта Тугалов Шахидин ІІІ орынға табан тіресе, осы жас санатында 40 келі салмақта Төлеп Шаймерден ІІ орынды жеңіп алды.
Ал 52 келі салмақ дәрежесінде Қалжігіт Ұлбала қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Жас спортшылардың бұл жетістігі – тынымсыз жаттығу мен табанды еңбектің жемісі. Жарысқа қатысқан оқушыларды боксқа баулып жүрген жаттықтырушы – Бекзат Бахтияров.
Тәуелсіздік күніне орай өткен бұл жарыс жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.
Бахтияров Бекзат Рахымұлы,
Түркістан облысы Жетісай ауданы «Нұртаза Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт жағынан қосымша білім беру педагогы.
