Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру – болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының берік негізі. Осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келе жатқан мекемелердің бірі – «Ақтай ата» бөбекжай балабақшасы. Мұнда балалардың танымдық қабілетін, тіл байлығын және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тағылымды іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Осы орайда «Ақтай ата» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші Али Ақнұр Берікқызының ұйымдастыруымен «Ғажайыптар әлемінде» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың басты мақсаты – тәрбиеленушілерге әріптерді ойын арқылы меңгерту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ барысында балалар әріптер әлеміне қызықты саяхат жасап, танымдық тапсырмалар мен ойындар арқылы белсенділік танытты. Тәрбиеші әр баланың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты көрнекі құралдармен және ойын элементтерімен байыта білді. Әріптерді дыбыстау, сөз құрау, сұрақ-жауап әдістері арқылы балалардың сөздік қоры кеңейіп, өз ойларын еркін жеткізу дағдылары қалыптасты.

Тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғары деңгейде байқалды. Балалар берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді. Сабақ мазмұны балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, зейінін тұрақтандыруға және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабаққа қатысқан әріптестер мен ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылып, тәрбиешінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі жоғары бағаланды. Мұндай сабақтар тәжірибе алмасуға, педагогтардың кәсіби дамуына және оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға зор ықпал етеді.

Қорытындылай келе, «Ақтай ата» бөбекжай балабақшасында өткізілген «Ғажайыптар әлемінде» атты ашық сабақ – балалардың тілдік дамуына, таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды. Осындай жүйелі жұмыстар болашақ ұрпақтың білімді, сауатты болып қалыптасуына берік негіз қалайды.

Али Акнур Берикқызы,

«Ақтай ата» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

«ҒАЖАЙЫПТАР ӘЛЕМІНДЕ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған