«Құм терапиясы және құмдағы ғажайып ойындар» тақырыбында ересек топ тәрбиеленушілерімен дамытушы іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара балалардың психоэмоциялық жағдайын тұрақтандыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ішкі жан дүниесін ойын арқылы ашуға бағытталды.

Құм терапиясы – баланың сезімі мен ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі. Сабақ барысында балалар құммен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерімен танысып, құмға сурет салу, әртүрлі пішіндер мен бейнелер жасау арқылы өз қиялдарын кеңінен көрсетті. Әр бала өз ойындағы әлемін құм арқылы бейнелеп, ерекше қызығушылық танытты.

Іс-шара кезінде балалардың ұсақ қол моторикасы дамып, зейіні мен шыдамдылығы артқаны байқалды. Сонымен қатар, құмдағы ойындар балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді. Тұйық мінезді балалардың белсенділік танытып, ойынға қызыға қатысуы құм терапиясының тиімділігін көрсетті.

Құм терапиясы балалардың бойындағы қобалжу мен ішкі уайымды азайтып, жағымды эмоция сыйлайды. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезініп, қуанышқа бөленді. Сабақ соңында тәрбиеленушілер жасаған жұмыстарын көрсетіп, алған әсерлерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, құм терапиясы – баланың жан дүниесін түсінуге, оның шығармашылық және тұлғалық дамуына ықпал ететін тиімді әдіс. Осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.

Ашықбай Кенжегүл Жұмабайқызы,

«Ақарыс-Жанарыс»  бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

«Құм терапиясы және құмдағы ғажайып ойындар» – баланың жан дүниесін тану жолы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған