Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесе-тін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандық-тарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.

Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгер-шілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкін-діктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушы-ларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнары-мен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналар-мен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Педагогикалық мамандықтардың ішінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы – ерекше мамандық. Өйткені кез – келген мамандық иегері бастауыш сынып мұғалімінен тәлім-тәрбие алады.

Молдадосова Гаухар Мұратқызы,

“Ю.Гагарин атындағы №3 ЖББМ”

бастауыш сынып мұғалімі.

БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШТА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған