Заң үстемдігі – қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің негізі. Әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына, лауазымына, шыққан тегіне немесе жасына қарамастан заң алдында тең болуы – құқықтық мемлекеттің басты талабы.

Заң талаптарының баршаға бірдей қолданылуы жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз етеді. Құқық бұзушылық жасаған кез келген тұлға, қандай мәртебеге ие болса да, заң аясында тиісті жауаптылыққа тартылады. Бұл қағидат әділеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, зорлық-зомбылық пен заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Осыған нақты мысал ретінде Жетісай ауданында орын алған жағдайды келтіруге болады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің денсаулығына қасақана орта дәрежелі дене жарақатын салу фактісі бойынша 2006 жылы туылған аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің жәбірленушіні тепкілеу арқылы оның денсаулығына зиян келтіргені анықтаған.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде сот кінәлі деп танылған сотталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны шартты деп санап, пробациялық бақылау белгіледі. Аталған шешім кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нақты іске асырғанын көрсетеді.

Бұл мысал заң алдындағы теңдік қағидатының барлық азаматтарға бірдей қолданылатынын, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі мемлекеттің ерекше бақылауында екенін айқын көрсетеді.

Заңды сақтау – қоғамның әрбір мүшесі үшін міндет. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және әділдік қағидаттарын ұстану – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі.

Қорытындылай келе, заң алдындағы теңдік пен азаматтардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлігі және қоғамдық тұрақтылықтың басты кепілі.

Жетісай ауданы прокуратурасы.

ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ТЕҢДІК – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған