Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Темір Базарбайұлы Қырықбаев Жетісай ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін тыңдап, оларды партиялық тетік арқылы шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ құқықтық, ұйымдастырушылық тұрғыда қолдау көрсету болды.

 «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында өткен шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, партия филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, сондай-ақ бөлім басшылары, қала мен ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме жетекшілері қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар халық үшін аса өзекті саналатын бірқатар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда:

  • Ауылдарда медициналық пункттер мен мектептер салу;
  • Ауданның кейбір елді мекендерін газдандыру;
  • Балалар ойын алаңдарын орнату;
  • Интернет байланысының сапасын арттыру;
  • Аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету туралы өтініштер айтылды.

Көпшілік тұрғындар жазбаша өтініштерін қалдырып, құқықтық және әлеуметтік бағытта кеңес алды. Әрбір сұрақ пен өтініш жеке қарастырылып, тиісті сала мамандары мен мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Осы қоғамдық қабылдау аясында Темір Базарбайұлы аудан тұрғындарымен, ұстаздар және сала мамандарымен кездесіп, аудандағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердегі білім сапасы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, сондай-ақ өңірдің даму әлеуеті мен негізгі бағыттары туралы ой бөлісті.

Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, депутат тарапынан нақты жауаптар мен түсініктемелер алды. Бірқатар маңызды бастамалар алдағы уақытта партиялық және парламенттік деңгейде көтерілетін болады.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған