ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасының үздік 100 студенті» республикалық байқауында еліміздің студенттері өңірді, республиканы дамытуға бағытталған жобаларын ұсынды.

Осы байқауға өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 10 студент қатысып, бүгінде 3 студент «Үздік 100 студенттің» қатарына енді. Солардың бірі – біздің Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай  гуманитарлық-техникалық  колледждің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша 2 курс студенті Аяулым Бейсенбай болды. Бұл жеңіс колледжіміздің білім мен тәрбиеде дұрыс бағыт ұстанып отырғанынын нақты дәлелі болып табылады.

Біз болашақта да білімді, саналы, отаншыл жастарды тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек ете беретін боламыз.

Назым АЙДАРХАНОВА,

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай  гуманитарлық-техикалық колледжініңәдістемелік кабине меңгерушісі.

АЯУЛЫМ КОЛЛЕДЖ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған