Жетісай қаласында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында қала, кент және ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жүргізіліп, бірқатар мәселелер мен кемшіліктер ортаға салынды. Сонымен қатар, алдағы жоспарлар пысықталып, нақты міндеттер жүктелді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша табыс көздерін анықтау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндаса, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шоқан Адайбеков D-E деңгейіндегі мектепке тіркелмеген балаларды анықтау және тіркеу бойынша жүргізілген шаралар туралы айтты. Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұршарифиддин Мейірбек мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жөнінде есеп берсе, құрылыс бөлімі басшысы Мырзабек Абишев 1500 орындық «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы құрылыс барысы мен аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында әзірленіп жатқан «Дизайн код» жұмыстары жайлы баяндады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков ағын суды үнемдеу технологияларын енгізу, көктемгі дала жұмыстары мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары бойынша баяндама жасаса, ТКШ бөлімінің орынбасары Жақсыбай Әміре «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының іске асырылу барысы мен аудан аумағындағы коммуналдық инфрақұрылым жұмыстары туралы ақпарат берді.

Аппарат мәжілісінің соңында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы Берікжан Есалиев облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын саралап, орын алған олқылықтарға тоқталды.

Аудан әкімі Серік Мамытов төмендегі басым бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тікелей бақылауда ұстайтынын ескертті.

Өз тілшімізден.

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған