тәжірибелік-семинар өтті

     ҚР Оқу-ағарту   министрінің   2023   жылғы 19 шілдедегі № 213 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру аясында білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдері түбегейлі қайта қаралып, балаларды табиғатқа жауапкершілікпен және қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында Министрлік Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

   Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Наурыз» бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие беруде біршама істер атқарып келеді. Педагогтер ұжымы мен ата-аналары бірлесе отырып, аталмыш жобаны жүзеге  асыру  үшін алдымен дөңгелек үстел өткізіп, зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  қажетті әдістемелік  материалдар таңдап  алды. Бақшаның шығармашылық тобы тарапынан тәрбиешілерге, ата-аналарға  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.      

    Экологиялық жобаның аясында бөбекжай бақшамызда балаларға экологиялық тәрбие беруде  табиғат  туралы  эмоционалды  әсер беру, өмірдің  әртүрлі нысандары  туралы  түсініктерді  жинақтау, экологиялық  ойлаудың, сананың  негіздерін  қалыптастыру,  экологиялық  мәдениеттің  бастапқы элементерінің негізін қалау, ата-анамен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

       Семинар аясында тәрбиешілер балалармен «Жасыл әлем» табиғат бұрышындағы еңбегі «Еңбегі адал жас өрен» жобасы негізінде ұйымдастыруының бала үшін тиімділігін видеодан көрсетіп баяндады.

    «Жасыл әлем» табиғат бұрышында балалар ата-аналарымен бірге жасына сәйкес  өсімдік тұқымдарды  зерттеді, оларды үй жағдайында  отырғызып, көшеттердің өсу  ретін бақылап, оларға күтім жасады.

          Жүргізілген жобаның зерттеу жұмыстары бойынша семинар қатысушылары  бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, іс-шараға қорытынды жасалды.

     Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан барлық тәрбиешілер мен ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Бибигуль Бесбаева

МКҚК «Наурыз» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі.

Экологиялық жоба аясында балабақша ата-аналарымен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған