Мақсаты: балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық

және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-
танымдық қабілеттерді, логикалық ойлауды дамыту.Балаларға су асты әлемі
туралы түсінік беру. Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және
себеп-салдарлық байланыстарды ажырату. Балалардың зерттеу әрекеті үшін
жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне
тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыруға үйрету.
Сөздік жұмыс: Балықтар, балдыр, сегізаяқ.

Заттық дамытушы орта: Кеме, теңіз түбі, пазлдар, суреттер, өз орнына орналастыру
Шаттық шеңбері: Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне, біздер қандаймыз.
Өзен, көлге, теңізге
Саяхатқа шығамыз.
Әрқашанда біргеміз
Бөлінбейді іргеміз
Жарайсыңдар, балалар
Логикалық ойын: «Қағып алда, жауап бер» (Телефон әдісі)
Балалар, біз бүгін қызықты елдерге саяхатқа шығамыз, бірақ қайда екенін «Лулия шеңберіндегі ұяшықты таңдау арқылы білетін боламыз.
- Қандай әлемге саяхатқа шығатын болдық?
- Су асты әлеміне
- Олай болса біз су асты әлеміне кемемен саяхатқа шығайық.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы менің қолымдағы қандай зат білесіңдер ме? – Глобус
Дұрыс айтасыңдар бұл глобус. Ендеше мен сіздерді осы глобуспен таныстырайын. Глобус- бұл жер шарының бірнеше есе кішірейтілгіп берілген нақты бейнесі. Глобуста –көк түспен су беті, жасыл түспен тегіс жерлер, қызыл түспен биік таулар мен жоталар, сары түспен аласа төбелер бейнеленген. Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз өте қызық болайын деп тұр. (Балаларға теңіз толқынының №+9 дыбысын тыңдату)
Балалар, әуенді естіп тұрсыңдар ма?
– Ия
-Мынау ненің дыбысы?
– Судың, теңіздің дауысы.
-Дұрыс айтасыңдар.
– Ал ендеше барлығымыз бірге асықпай кемемізге жайғасайық.
Алыс-алыс елдерге
Орман тоғай, көлдерге
Саяхатқа барамыз
Теңіз түбін көруге. (Қимыл қозғалыспен әндетіп айтамыз)
Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы. Белгісіз теңізге келіппіз, жан-жағымызға қарайықшы, теңізді толқыған су қоршап жатыр, енді теңізге де келіп қалдық.
(Теңіздің жағасына барғанда бір біріміздің қолымыздан ұсатап ,бір бірімізді суға итермейміз.)
Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы теңіз түбінде жатқан бұл неғылған сандықша екен, сандықтың ішінде не бар екен? Ашып көрейік. Қараңдар балалар, сандықта кітап бар екен. Кітаптың ішінде жұмбақтар жазылыпты, мен оқиын сендер жауабын тауып көріңдер.
Жұмбақты шешу:
1) Су астында өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі? (Балық)
2) Басы дәу, аяғы көп
Су асты оның мекені (сегіз аяқ)
Су астында жүзеді,
Терең суды сүйеді
Отыз жыл өмір сүреді (жұлдыз)
Дұрыс балалар, теңіз жануарлары, жәндіктері туралы білесіңдер, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар, ал енді сол теңіз түбіндегі жәндіктер туралы толық біліп, олардың теңіз түбінде қалай тіршілік етіп немен қоректенетіні жайлы білгілерің келеді ма?
– Ия (суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағанасын түсіндіру)
Теңіз жұлдызы – жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Атбасты балық– орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғау үшін керек.
Сегізаяқ– оның денесі алмұртқа ұқсас. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына заты сай сегіз аяғы бар. Теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
Тасбақа– сауытына қарап бірден тануға болаты. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді.Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да көміп тастайды.
Кит -теңіздегі ең ірі сүтқорегті. Әсіресе «көк кит» ұзындығы-30 метр, салмағы-150 тонна. Бұл киттің бойының ұзындығын тексеру үшін көз алдымызға 5 қабатты үйді елестету керек.
Сергіту сәті: «Кішкене адамдардың қимылы» ойыны
Балалар су тұщшы және ашшы болып екіге бөлінеді. Олар бір бірімен араласып кетпейді. Зертханалық жұмыс: Балаларды екі топқа бөліп,
1 топ– тастанды заттарды алып ішіне су құйып, түтікшелерді, түрлі-түсті қыстырмаларды алып, балалармен бірге сегізаяқты жасап, балалардың қызығушылықтарын ояту.
2 топ– теңіз толқынын жасайды. Ол үшін стаканға су құйып 2 қасық ас содасын салып араластырамыз. 1 қасық лимон қышқылын қосып араластырған кезде не байқағанын сұрау.
Дидактикалық ойын: «Суреттерді ретіне қарай топтастыр»
шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жәндіктердің суреттері берілген. Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет. Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суреттерін топтастыру.
Жарайсыңдар балалар! Тамаша ондай болса кемеге отырып балабақшамызға қайтайық.
Сұрақ-жауап: Саяхатымыз ұнады ма?
Саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
Теңізде не көрдік?
Жарайсыздар балалар!
Алибаева Аккенже Кобеевна,
«Мерей» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.