Мақсаты:Балаларды ұлттық ыдыс атауларымен және қызметімен таныстыру. Сөздік қорларын молайту,айтылым әрекетіон жетілдіру.
 Ұлттық салт-дәстүрге баулу.

Көрнекілік құралдар: киіз үй, стенд, сусындар,кәмпит, көрме
  Тегене, тостаған ,астау,  ожау ,өрнек, ағаштан жасалған
 
Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.
Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.
Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.
Тегене – ағаштан жасалатын шұңғыл тік жиек ыдыс.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім: Балалармен сәлемдеседі. Балаларға бүгін бізде ерекше ұйымдастырылған іс әрекет болатынын және қонақтар келіп отырғанын айтады.Қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңберін жасайды.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші балаларды ұйымдастырылған іс әрекет мақсатымен таныстырады.Балаларға саяхатқа поездбен  баратындарын айтады.
Арқаны уқалау :«Паровоз».
Қатар, қатар тұрайық (бірінің артынан бірі тұру)
Кәне, кәне сұрайық (Сөздерді қайталап, арқа, бел тұсына ақырындап соққылайды )
Кімнің болса бойы ұзын (паравоздың жүрісін келтіру)
Паравозы поездің
Пш-пш-пш-пш біз кеттік. (Артынан омыртқадан бүйірге және жоғары қарай алақанмен сипайды)
                              Жүрісті біз үдеттік
                               Гу-гу-гу гуілде
                               Қалып қойма біріңде.
 (Балалар назар аударады, қызығушылық танытады.Тәрбиешінің артынан қайталайды, қимылмен көрсетеді)

 1 аялдамаға келіп тоқтайтын айтады (Киіз үй)
Оның қандай аялдама екенін білу үшін жұмбақты шешу керек екенін түсіндіреді.
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
/Киіз үй/
(Балалар жұмбақты шешеді)
Тәрбиеші балалардан киіз үй туралы сұрайды.
Қазақ халқының баспанасы , қонақжайлылығы туралы әңгімелейді.

Тыныс алу жаттығуы: «Шайды суыту»
1 Екі қолды біріктіре ұстап, кеседегі шайды суытып тұрғандай қимыл көрсету,
шайды үрлеп суытамыз (3-4 рет)
-Балалар, тынығып алдық. Енді әрі қарай жүрейік.

Жаттығу: «Паравозшы»
Балалар бірінің артынан бірі отырып, құйрықпен алға жылжиды.
Поезда отырып, екінші аялдамаға келеді.

Негізгі бөлім: Оның қандай аялдама екенін білу үшін жұмбақты шешу керек екенін айтады.Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Кесе – шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?  (Ыдыстар)
(Балалар жұмбақты шешеді)
   Тәрбиеші :   Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Ұлттық ыдыстар».
Бұл жерде ұлттық ыдыстар бейнелеген. Ертеде, адамдар топырақты, құмды пайдаланып кесе, құмыра жасаған. Содан кейін ағашты өңдеп, өрнектеп тостаған ағаш, қасық, тегене, шөген, аққұман жасаған. Осы ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданған (Балаларға ыдыстың өзі көрсетіледі)
Топтағы балаларды  ұлттық ыдыс атауларымен  және қызметімен таныстыру үшін алдын ала дайындап қойған стендті пайдаланады.
–        Мына суреттерге қарап ыдыстарды атайық.
Жаңылтпашты жаттау.
Тас тостаған
Тас тостағанға
Ас тастаған. 

Тәрбиеші балаларға қысқа сөйлемдер құрастыруға ұсыныс жасайды.Балалар бір-бірден шығып, бір сөйлемнен құрастырады.
 ( Назар аударады, қызығушылық танытады,артынан қайталайды)
Жолдан шаршап қалған жолаушыларға  Тәрбиеші келесі тапсырманы орындауға ұсыныс жасайды.

Артикуляциялық жаттығу: «Кесе» (Тәрбиеші көрсетеді, балалар артынан қайталайды)

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.
 
Тәрбиеші балаларды үстелдің қасына апарып, екі кеседегі сусындарды салыстыруға ұсыныс жасайды.
 Оларды салыстырып ,дәмін татып көреді. қымыздың шипалы сусын  екені туралы айтып кетеді.

Саусақ гимнастикасы: «Көмекшілер» (Тәрбиеші көрсетеді, балалар артынан қайталайды)
 
Бір, екі, үш, төрт,бес .
Біз ыдыстарды жудық:
Тегене,тостаған,торсықты,астауды,
Үлкен ожауды да.
Тек бір кесені сындырып алдық,
Ожауды да,шәйнекті шүмегі де сынып қалды.
Біз анамызға осылай көмектестік.
 
Қорытынды.Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін.көңіл күйлерін ,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды.Балаларға шашу дәстүрі туралы айтып,шашу шашады.
Балалармен  қоштасады.

Әлия ЖАҚСЫЛЫҚ,

“Айатхан”бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

«ҰЛТТЫҚ ЫДЫСТАР »

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған