
Білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдауда жаңа технологиялардың тиімділігі зор. Бұл процесті дамыту үшін мұғалім оқушыға диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқушының әлсіз тұсын анықтап, тиімді әдіс тәсілдерді саралауды мақсат еткені дұрыс.Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог оқушы үнін тыңдауға, қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Білім алушылардың білім сапасын арттырудағы деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген соң деңгейіне қарай саралау тапсырмаларын дайындау қажеттілігі туындайды.

Оқыту мен оқу үдерісінде іс әрекеттегі зерттеу тәсілін қолдануда бірлескен жоспар құру, тапсырмалар дайындау, сабақты талдау, қайта жоспарлау арқылы білім сапасын арттыруға болады. Сондай жаңа технологиялардың бірі сандық технологиялар әдісі – геймификациялық стратегиялар. Геймификация – білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыратын сандық ойын түрлері.
Қазіргі таңда балалар сандық құрылымдарға жақын. Сондықтан да заман талабына сай оқушылардың уақытын ұрлайтын пайдасыз ойындарға еліктіргенше, сол ойын түрлерін сабақта қолданып,ары қарай ізденуге талпындыру әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мен өз сабағымда сондай ойын түрінStop watch, Objectviewer платформаларынан алып қолданып тиімділігін көріп жүрмін. Stop watch платформасы топтық жұмыс жасауға, Objectviewer сұрақ жауап арқылы диалогқа түсуге мүмкіндік беріп, оқушылар арасында бәсекелестік туындап, пәнге деген қызығушылық артады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа технологиялық әдістердің тиімділігі іздену мен жаңашылдық нәтижесінде жүзеге асады.
Г. КЕНЖЕҒАРАЕВА,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ
биология пәнінің мұғалімі.