Дененің саулығы – жаныңның саулығы. Осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтындығын түсіндіріп, санаңа ой қосады. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез- құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып, өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді.

Дұрыс дене мүсіні – бұл жай ғана әдемі фигура немесе жоғары көтерілген бас емес. Бұл сондай-ақ денсаулық пен қалыпты даму кепілі. Ұзақ жүру, жылдам жүгіру, қозғалыстан ләззат алу мүмкіндігі. Толық кеудемен дем алу, шаршау мен арқадағы, аяқтардағы ауырсынуды сезбеу. Баланың дұрыс дене мүсіні ішкі ағзалардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, миға қан мен оттегінің толық жеткізілуін қамтамасыз етеді. Дұрыс дене мүсіні – физикалық және ақыл-ой дамуының кілті. Бұл маңызды артықшылыққа сұлулық та қосылады.

Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығайады, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады.

Денеге арналған жаттығулар:

Қол және иыққа арналған жаттығулар:

1. жанға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;

2. осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;

3. қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;

4. түзу тұрған қолды айналдыру;

5. қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді (бокс);

6. қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап , алға, жоғары, төмен т.б түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды бағытта істеген жөн.

* Дене тұлғасына арналған жаттығулар. Гимнастика бастарда аяқ арасын алшақтау ұстап, қолды мықынға немесе иыққа қояды;

1.денені екі жаққа кезек  бұру;

2.оң мен солға кезек иілу;

3. алға иілу (қолды еденге жеткізу керек);

4.екі аяққа кезек иілу;

5.денені мықын арқылы ырғай қозғау.

*   Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Бастапқы қалып – орындықтың шетіне отырып, жиегінен ұстайды;

1. тізені бүгіп, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады  (жоғарырақ) да, біртіндеп төмен түсіреді; аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді. Осы жаттығуды жерпде (кілемде) жатып та жасауға болады;

2. аяқты алма-кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.

*  Аяққа арналған жаттығулар. Аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып;

1. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;

2. Аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;

3. бірнәрсеге қолмен таянып тұрып, екіаяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;

4.бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жаққа қарай созып бір тұрып, бір отырады;

5.қолмен таянып тұрып, аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғайды. Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма-кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға болады).

*Бүкіл дененің бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды әртүрлі қалыпта орындайды;

1. аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады (бұл кезде дене жерге тимеуі тиіс), одан кейін бастапқыға қайта оралады;

2. аяқты алшақтау ұстап, (екі қол белде) оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа иіледі, одан кейін бастапқы қалыпқа оралып, осы қозғалысты екінші жаққа қайталайды;

3.әуелі түрегеп тұрып, содан соң отырады , одан кейін аяқты артқа жіберіп қолмен жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді;

4.денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей, оң аяққа сол қолдың саусақтары жеткенше еңкейеді (ал екінші қол артта қалады) ,сосын бастапқы қалыпқа қайта оралады (екінші бағытқа да осылай жасалады);

5. бастапқы  қалып – тізені бүгіп еденге отырады да, екі қолды артқа жібере жер тірейді, одан кейін оң аяқты жоғары көтеріп , сол қолды осы аяқтың ұшына дейін жеткізуге тырысу керек, бұл кезде оң қол мен сол аяқты бірқалыпты жағдайда ұстағаны жөн. Бұл жаттығуды орындауға қиналатындар бір қолды ғана тік ұстап тұрып, денені жер тіреп отырған қол жағына қарай бұрғаны жөн (осыны екінші жаққа қарай қайталайды) ;

6. бастапқы қалып – табан тіреп жүрелей отырып, денені алға қарай жіберіп, қолмен жер тірейді, сосын дене мен аяқты жаза келе, жерді тіреп жатады. Бұл кезде екі аяқты алма-кезек артқа созып отырады

*Секірулер. Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яғни екіаяқпен кезектесе секіру).  Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозғалыстары арқылы реттеуге болады.

Секірудің мынадай нұсқалары бар:

1. аяқбірге, қолбелде;

2.сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру (2-4 рет бір жаққа, осынша рет екінші жаққа қарай секіреді);

3.аяты бірде қосып, бірде алшақтап секіру;

4.секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырып қою, бастан жоғары көтеріп шапалақтау және қайтадан төмен түсіру, артқа және алға шапалақтау;

5. әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру;

6. әуелі екі аяқпен ,содан кейін біраяқпен секіру , одан соң қайта екі аяқпен , тағы сол сияқты . Секіргенде  аяқтың ұшымен секіру керек . Бұл, әсіресе, егде адамдар үшін өте пайдалы..

Бұл – күштүсірудіңеңшарықтаушегі, оданкейін оны біртіндеп, төмендетукерек, сонда тынысалу бірқалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де бірте-бірте реттеледі

Дене шынықтыру үзілістерінің жаттығулары бұған дейін өтілген сабақтың сипатын ескере отырып таңдап алынады. Кешеннің құрамына:

1. қолдарын қимылдатып, бір орында жүру;

2. терең дем алып, керілу жаттығулары;

3. жүрелеп отыру;

4. иық пен қолға арналған жаттығулар;

5. тұла бойды бұру және еңкейіп шалқаю;

6.кординация мен зейін жаттығулары т.б енгізіледі.
Кешенді жаттығу денеге түсетін күш 1 –ден 3-жаттығуға дейін біртіндеп арттыратын, ал 4-ден бастап кемитін етіп құрылады. Бұл оқушылардың үзілістен кейін бірден қозу күйінде емес, біршама тыныш күйінде оқу жұмысына кірісуін қамтамасыз етеді.

Мусабекова Салтанат Мұхтарқызы,

                                                                    Түркістан облысы, Жетісай ауданы

№1 Жетісай балалар өнер мектебі

МКҚК хореография пәнінің мұғалімі.

ДЕНЕ МҮСІНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған