
Жаңартылған бiлiм беру жүйесiнің басты мақсаты – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Балаға музыка сабағында тек ғана ән айтумен шектелмей, музыка пәнінің талабына сай тақырыпқа байланысты, жаңа технологияларды, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, әр шығарманың шығу тарихы, орындалу ерекшелігімен таныстыру, шығармадан алған әсерлеріне шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізсе құба құп болар еді.
Жаңартылған білім беру аясында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сабақты түрлендіре, шығармашылық бағытта өткізу бүгінгі күннің басты мақсаты. Топтық жұмыстар, жұптық, жеке жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырамыз. Қазіргі ақпараттық заманда, оқушылар қосымша материалдарды тез тауып мәліметтер ала алады, сондай ақ, аудиожазбаларды тыңдау (наушник) арқылы музыкалық диктанттарды топтық және жұптық, жеке жұмыстар жүргізу арқылы тапсырмаларды белсенділікпен орындауға дағдыланады.
Оқушыларға ойын технологиясы арқылы ұйымдастырылған сабақ, қызықты да қонымды, шығармашылығының артуына оң әсерін тигізеді. Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді біліп ғана қоймай, оны әр сабақта тиімді пайдалана білу қажет.
Мысалы:
«Саусақ жүйесі» ойыны арқылы, нотаның бес сызықта жазылатынын түсіндіре отырып, ноталардың атын атап орындау;
«Әуенді тап!» орындалған шығарманың авторын немесе атауын атайды немесе жас ерекшеліктеріне сай төменгі, жоғарғы дыбыс екендігін анықтайды;
«Жалғастыр‼» оқушы өз ойынан құрастырған музыкалық әуенді немесе музыкалық шығарманы, келесі оқушы жалғастыруы қажет;
«Дыбыстық картиналар» естіген дыбыстардан суреттер құрастыру;
«Жаңғырық» әдісі әннің мелодиясын немесе нота атауын бірінші топ айтса, екінші топ қайталайды;
«Алдына ала шолу өткенге оралу әдісі» Аталған әдістің мәні ол жаңа тақырыптағы бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып қайталау.
Баланың ноталақ сауатын ашу, жоғары және төменгі дыбыстардың дыбысталуын сезіну, есту қабілетін арттыруда сольфеджио және гормония сабағының ықпалы ерекше. Қазіргі таңда сольфеджио және гармония пәндеріне арналған қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Сольфеджио және гармония сабақтарында халық әндері, қазақтың музыкалық фольклоры, Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын пайдалана отырып, ұлттық өнерге деген сезімдерін, қызығушылықтарын, шығармашылықтарын эстетикалық, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Сольфеджио сабағы оқушылардың ноталарды, шығармаларды таза орындау, есту қабілеті, интервалдар, аккордтарды орындау, музыкалық диктанттар жазу арқылы іске асырылады.
Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақта тақырыпқа байланысты музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыканың әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен, Қазақстандағы, әлем елдеріндегі композиторлар мен музыка жұлдыздары, тағы да басқа музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру – мақсат. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың, тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздері де сабақта әр тапсырманы белсенділікпен орындауға дағдыланады.
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
– Бірінші жолда – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
– Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
– Үшінші жолда – тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
– Төртінші жолда – 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
– Бесінші жолда – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Қорыта келгенде: Осылайша, музыка пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Қорыта келе, әр сабақта мұғалім түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолданса, баланың дүниетанымдық белсенділігін, өз бетімен шығармашылығын шыңдауға, өзгенің пікірін тыңдай алуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, білім білік дағдыларының дамуына әсер етеді. Сол арқылы ұжымда бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірін еркін айту, білімінің нақты, жауапгершілікті, шығармашылықта шыңдауына үйренеді.
Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.
Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.
“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.
Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.
- Музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;
- Музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;
- Музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.
Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алу құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» – деген.Сондықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жа¬салады.. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж.
2.Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.
3. АльФараби.-Трактат о музыке /Аль-Фараби. Избранные трактаты. Алматы: Ғылым,1994.
4. Сухомлинский А-;. Бaлаға жүрек жылуы. – Алматы, 1976. -136 б.
5.Қазақтың музыкалық фольклоры: болмысы, өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мазмұны мен заманауи өміршеңдігі. Оқу құралы. -2-ші басылым.-Алматы: Триумф «Т» 2007 -160 б.
6.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
7.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің Біліктілігін Арттыру Бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж.
Сейталиева К.Қ.
№1 Жетісай балалар өнер мектебінің мұғалімі
педагог-зерттеуші.