Бүгінгі таңдағы жаҺандану үрдісінің басты ресурсы жан-жақты дамыған белсенді, шығармашыл тұлға болғандықтан, өркениетті даму білім мен тәрбиенің жаңа сапасын талап етеді.Жаңа нәтижеге бағдарланған оқытуда бейнелеу өнері пәнінің де бүгінгі талаптарға сай оқыту әдіс-тәсілдері сараланып қарастырылуда. Бейнелеу өнері пәнінде білім беру үрдісінің қалыптасып қалған жүйесі мен бүгінгі жаһандану жағдайындағы алшақтық дәстүрлі әдістемені жаңа әдіснамалық тұрғыда қарастыруды талап етеді.

Қоғамдық тәжірибедегі көркем-эстетикалық тәрбиенің негізгі функциялары жеке бастың көркемдік, рухани дүниетанымын сұлулық пен руханилық нормаларға сай эстетикалық идеал тұрғысынан қалыптастыру, олардың көркем талғамдарымен сұраныстарын, қажеттіліктерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Оқушыларды көркем тәрбиелеу бұл – балалардың өнерді сезіну, түсіну, бағалау. Көркем тәрбие балаларды көркем-шығармашылық қызметке ынталандырудан көркем-шығармашылық қызметке, эстетикалық, сонымен қатар көркем құндылықтарды сомдауға дейін міндеттейтін қажеттілік».
Бейнелеу өнері пәні өзінің пайда болу, туындау табиғатынан шығармашылық пән, ол көркемдік қабілет, мәдени сана, рухани күш-қуат көзі. Көркемдік білім мен мәдениет мақсаты рухы таза, санасы биік жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Жас буынның рухани табиғатын аялап өсіру табиғаттың өз тылсым сырымен, қасиеттерімен сабақтас өрбуі тиіс. Бейнелеу өнері пәнінің көркем-шығармашылық және адамның қызмет түрлеріне сәйкестік табиғаты оның оқушы тұлғасын қалыптастыру мүмкіндіктерінің молдығын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру мазмұны мен құрылымын жетілдіру мақсатында көрсетіліп отырған «әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бейнелеу өнері түрлерінің өзіндік шығармашылық табиғатына сәйкес оқыту әдістемелерін жүйелеуді талап етеді. Жас ұрпаққа сапалы білім, үлағатты тәрбие беру оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән беріп мәдени саналы, рухани дамыған және халықтық мәдениетке интеграцияланған оқушының жеке тұлғалық дамуына ықпал ету бейнелеу өнері сабақ түрлерінде жаңа әдістемелік негізде қарастырылуы тиіс.
Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы №28 жалпы
Білім беретін мектеп» КММ
бейнелеу өнері пәнінен
қосымша білім беру педагогы
Турсунов Салим Джурабаевич