Тәрбиенің түп қазығы – ұлттық құндылықтар болып табылады. Өйткені ұлттық құндылықтарымыз арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері дамиды.
Ұлттық құндылықтар – жас ұрпақтың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта «Рамазан бөбек» бөбекжай балабақшасының ересек «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндеріне «Ұлттық құндылықтар– тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Аталған шарада бүлдіршіндерге ұлттық ойындарымыз «Асық ату» «Арқан тарту» ойындары туралы айтылып, ойнатылды. Ал қыздарымызға жіп иіру, ою-өрнек түрлері айтылып түсіндірілді. Сонымен қатар өзіміздің ұлттық тағамдарымыз туралы да түсіндірілді.
Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықты білуі және оны күнделікті өмірде қолдануы мәдениетіміздің дамуына алып келеді. Осындай ауқымы кең сабақ арқылы бүлдіршіндерімізге ұлттық құндылықтарымыз үйрету,ұрпақтан-ұрпаққа жалғау оны дәріптеу баршамыздың міндетіміз болып табылады.
Аяжан ТАСКУЛОВА,
«Рамазан бөбек» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.
Рыскүл ҚАЛЖАНОВА, ересек «Қарлығаш» топ тәрбиешісі.