Жаңа оқу жылының  басталуына санаулы уақыт қалды. Ал жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылып бітуі тиіс.
       Осы бағыттағы жұмыстардың қалай жүзеге асып жатқанын тексеру мақсатында  Жетісай ауданының басшысы Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім беру нысандарында болып, жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысты.
       Аудан басшысы С.Үсенұлы білім беру нысандарын аралау барысында мердігер мекеме өкілдерімен, мектеп директорларымен және ауыл билерімен тілдесті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан оқу ғимараттарының, спорт залы мен жылыту қазандықтарының, орнатылған бейнебақылау камералары мен турникеттердің, ішкі әжетханалар мен кәріз жүйесінің жұмысқа жарамдылығын тексеріп, мектеп аулаларының тазалығы мен спорт алаңшаларының жағдайын көрді.
       Серік Мамытов жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлер мен білім беру ордаларының басшыларына осы тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жойып, олқылықтардың орынын толтыруды, жаңа оқу жылына мектептердегі жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауды тапсырды.
СЕРІК МАМЫТОВ АУДАНДАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған