Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Есімжан Надиров, тиісті бөлім басшылары қатысты.
         Белгіленген кестеге сәйкес өткізілген аудан басшысының осы қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі – тұрғын үй алу және оның кезегі, әлеуметтік көмек, көшелерді жарықтандыру және күрделі жөндеуден өткізу, санитарлық тазалық, КТП орнату, газдандыру, жерасты суының көтерілуі салдарынан орын алуы мүмкін су басуының алдын алу мақсатында елді мекендерде тік дренаждарды іске қосу бойынша өтініштерін айтты.
         Қабылдау барысында аудан әкімі мен жауапты сала басшылары әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу және оның кезегі бойынша өтініш иелеріне заң аясында кеңестер беріп, оң шешімін табуына ықпал жасайтындығын жеткізді.
          Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан көшелерді жарықтандыру және күрделі жөндеуден өткізу, тұрғындарға сапалы ауыз су жеткізіп беру, КТП ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарлы түрде жүргізілетіндігі айтылды.
         Аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов азаматтардың осы қабылдау барысында көтерген шағым, өтініштер бойынша көп күттірмей заң аясында жұмыс жүргізілетіндігін жеткізіп, жауапты сала мамандарына арнайы тапсырмалар берді.
         Қабылдаудың соңында өздерінің жеке мәселелерімен келген тұрғындар көтерілген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешімін табатындығына сенім білдірді.
ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНДА  АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған