«Бүгінде әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр деп», мәлімдейді  Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.

Бұл жөнінде өз шешімін толық қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы екен. Мамандардың зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн. тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг. уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады.

Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС-те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құ­ты­лып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасы, атом энергетикасы орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық аймағын энергия­мен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Сол үшін де бізге бұл құрылыс керек деп есептейміз.

Сейтжан ТАҢҚЫБАЕВ, Жетісай ауданы.

АЛҒА БАТЫЛ ҚАРАУЫМЫЗ КЕРЕК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған