Ауданымыздағы орталық «Абдул Әкім» мешітінде бекітілген жоспарға сәйкес «Қажының рухани келбеті» атты тақырыбында дін қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиында аудандық «Қажылық және Ұмра» бөліміне жауапты Төлеби Ергешов мырза аудан имамдарын қажылық маусымында атқарылатын іс-шаралармен жан-жақты таныстырып, ниет білдірген жандарға тек мүфтият тарапынан конкурс арқылы өткен компаниялармен бару қажеттілігін, ондағы қажылардың қауіпсіздігі мен парыз амалдарын дұрыс деңгейде атқару басты назарда екендігін баяндап берді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Т.Ергешов өкінішке орай қазіргі таңда елімізде алаяқ компаниялардың көбейіп кеткенін, соларға сеніп, көптеген азаматтарымыздың опық жеп жатқанын да сөз етті. Сол себепті азаматтарымызды осындай қасиетті шараға барар кезде жан-жақты ойлануға шақырды. Ал бұл мәселеде азаматтардың әрине имамдардың кеңесіне жүгінетіндіктерінен, ол дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты.