Белгіленген кестеге сәйкес Атакент кентінде кент жастары мен тұрғындары арасында Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, «NEET» санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан Атакент кентінде жастарға және тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сол шара барысында жастарды жұмыспен қамту бағытындағы түрлі мүмкіндіктер атап көрсетілді

Жастар мен тұрғындарға мемлекеттік – «Серпін-2050», «Алғашқы жұмыс орны», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес» және «2,5% несие алу» бағдарламалары жан-жақты түсіндіріліп, соларға қатысты сауалдарына нақты жауаптар қайтарылды..

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған