Қазақтың қыздары қай салада болмасын өзінің іскерлігімен көпке үлгі бола білген. Камшат Дөненбаева секілді ер азаматқа тән жұмысты жасайтын мақтаныштарымыз көбейіп келе жатқаны бізді қуантады. Сондай апаларының жолын қуып келе жатқан, Жетісай ауданы «Қызылқұм» елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы қазіргі таңда Түркістан қаласында жоғарғы оқу орнының 1 курс студенті. Мамандығы бойынша «тіс дәрігері» «Қызымның өзінде тракторға деген бала кезден қызығушылығы болды. Он екі жасынан трактор айдап үйренді. Ұлдарымның біреуі оқуда біреуі жұмыста кезінде қасым да үнемі серік болып көмектесіп жүрді. Жер жыртудан бастап егістікке дейін қасым да жүретін көмекшім дейді» әкесі Ақыншаев Асылбек ағамыз.
Бала кезден бастап жеңіл көлікке қарағанда , осы техникаға деген қызығушылығым жоғары болды. Күніне шамамен 10 гектарға дейін жер жырту, тырмалау секілді жұмыстарды атқарамын. Аз кем техникалық ақаулықтарын өзім жөндей беремін. Табиғатыңа жат демей үйреткен әкеммен ағаларыма рақметімді айтамын дейді «Тракторшы қыз Арай»
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТРАКТОРШЫ АРУ КҮНІНЕ 10 ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ЖЕР ЖЫРТАДЫ