Білім саласында күн сайын білім сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа технологиялық әдістер орын алуда. Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар қауымы әрбір жаңа әдісті тез меңгеріп, өздерінің тәжірбиелерінде кеңінен қолданып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда тынымсыз еңбек етуде.

Білім саласында күн сайын білім сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа технологиялық әдістер орын алуда. Жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар қауымы әрбір жаңа әдісті тез меңгеріп, өздерінің тәжірбиелерінде кеңінен қолданып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда тынымсыз еңбек етуде.

Еліміздегі білім беруді дамытудың инновациялық кезеңі – ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым- қатынасты ұлғайтушы, білім сапасын арттырушы кезең. Сондықтан заманауи тәсілдің ерекшелігіне атаулы шаралардың да қосар үлесі көп. Мектеп басшысы ретінде мектепті дамыту жоспары аясында мектебіміздің бәсекеге қабілетті білім ордаларының қатарында болуы үшін көшбасшылық қабілетімді шыңдау, кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында мектеп басшылары үшін «Мектеп менеджменті : аспектілері және басқару әдістері»тақырыбындағы үш айлық курсында  білімімді Педагогикалық шеберлік орталығында жетілдірдім.

 Курсты тренер Асаубаев Берік Құттыбайұлы жүргізді. Курс барысында мектеп басшыларының басқару стратегиялары мен жоспарлау, көшбасшылық тұжырымдамалары мен қазіргі заманғы кадрлық менеджмент, басқару шешімдерін қабылдау әдістері мен стратегиялары, сондай-ақ, білім беру процесінің мазмұны тақырыбында ой қозғалды. Менің тоқталғым келіп отырғаны, білім сапасын арттырудағы жаңа технологиялық әдістердің тиімділігі туралы. Мектепті дамыту жоспарын жоспарлау барысында SWOT талдау жасай отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мен білім сапасын көтеру жүйесіне баса назар аударылады. Осы мақсатта курс барысында алған білімім бойынша жаңа әдістердің бірі «геймификация» тәсілін, соның ішінде «жасанды интеллект» платформасын күнделікті сабақ барысында қолдана отырып, білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыруды, оқушылардың өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде қолдануға ықпал жасауды ұстаздарға міндеттедім. Геймификация – қатысуды ынталандыру, оқыту мен түрлі тапсырмаларды шешу мақсатында ойын дизайны элементтерін, механика мен принциптерді ойын емес контекстерде қолдану жүйесі.Жасанды интеллект – арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллекттің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелер. Педагогтар қысқа мерзімді жоспарлауларына осы платформаларды енгізе отырып сабақты мазмұнды өтуді ұйымдастырды. Нәтижесінде «Оқыту мен оқу үдерісінде геймификация элементтерінің тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар жоспарладық. Семинарға Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ауданның 75 мектебінен мұғалімдер келіп, әдістемелік қоржындарын жаңа технологиялармен байытып кетті. Семинарға келген қонақтарды күтіп алудың өзінде «жасанды интеллект» элементтері қолданылды.

ҚМЖ QR кодпен таңдалып, әр педагог өз саласы бойынша сабақтарға енді.  Семинарда тоғыз мұғалім сабақ өтті. Әр мұғалім сабақта ЖИ түрлі платформаларын тиімді пайдалана білді. Оқушылар ЖИ платформасымен тапсырмаларды орындауда өздерінің белсенділігін таныта білді. Қазіргі сандық технологиялар мен ақпараттандыру заманында оқушыларды жаңа әдістермен қызықтырмаса, білімге қызығушылығын оята алмаймыз. Осы мақсатта өткен семинар аудан мектептері үшін үлгі бола білді.

 Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері Райханова Ұлсерік өз пікірінде семинардың жоғары деңгейде өткенін барлық педагогтар тәжірибелерімен бөлісуде жаңашылдығы мен ізденімпаздығын көрсете алғандығын тілге тиек етті және келешекте облыстық, республикалық деңгейде семинар өтуге лайық екендігімізді атап өтті. Заман талабына сай өзгерістерді жаңашылдықтың талабынан байқасақ, оқу үдерісіндегі жаңашылдық өзгерістерден жаңа идеялар туындатып, мектептің қарқындап өсуіне, бәсекеге қабілетті мектептер қатарында болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз- ақ.

Г.З.УМБЕТАЕВА,

№ 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектептің директоры. Түркістан облысы

Жетісай ауданы.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған