Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде  көптеген атом электр станциясы салынып, оны пайдаланып жатыр, ал Түркия мен Өзбекстанда  жаңа станциялар да салынып жатыр.

Кейбір «сарапшысылар»  АЭС-тен гөрі күн электр сәулесінен немесе жел қуатынан электр өндіретін стансаларды көптеп салып, «жасыл экономикаға» мол үлес қосқанымыз дұрыс емес пе деп жатыр. Мысал ретінде Германияны алға тартады. Бірақ… МАГАТЭ-ның статистикалық мәліметі бойынша сағатына өндірілген 1 кВт энергияны өндірістік шығарындылары – 366 граммды құрап отыр. Ал, Францияда бұл көрсеткіш – небары 57 грамм. Сонда салыстырып көріңіз, қайсысы ұтымды? Қоршаған ортаға зиянын тигізіп отырған Германия ма, Франция ма?..Германияда жаңартатын энергия көздерінен алынған қуат сұранысты өтей алмады. Мысалы, желдің жылдамдығы баяу, күннің көзі аз түсті, тағы да басқа факторлар салдарынан Германия Франциядағы АЭС-тің өнімін импорттап алуға мәжбүр болды.

Бұл салада тәжірибеміз аз болған соң, әрине «Қалай болып кетер екен?» деп халықтың үрейленетінін жоққа шығаруға да болмайды. Оларға кейбір өз есебі бар адамдар жаны ашығансып, өздерінше «халықтың жағдайын ойлап», «экологиялық қауіпсіздікті ойлап», елді дүрліктіріп  жүр. Айтар дәйектері сол баяғы жаттанды Чернобыл мен Фукуцимадағы атақты апаттар.

1986 жылғы 26 сәуірдегі Чернобыль апатына сол күні орын алған жер сілкіністің салдарынан станцияның 4-ші энергоблогындағы әбден ескірген реактордың құлап кетуі себеп болған. Ал, 2011 жылы 11 наурызда Жапониядағы жойқын жер сілкінісінің нәтижесінде мұхитта пайда болған цунамидің салдарынан Фукусима станциясында апат болғанда оған автоматты жүйе түгілі, адами фактордың да күш-қабілеті жеткен жоқ.

Атомшы мамандар, қазіргі 3 және 3+ буынды реакторлар сапасының жоғарылығына 100 пайыз кепілдік беруде. Екі контурлы су-сулы қондырғыларда егерде  апат қаупі туындай қалса, реактордың апатты тетігі адамның қатысынсыз-ақ автоматты түрде іске қосылып, реакторды өзінен-өзі суытады да, толық процесті өздігінен басқарып отырады. Бүгінде бүкіл дүние жүзінде осындай қауіпсіздігі ең жоғары озық технология қолданылып жүр. Сондықтанда көпшілікке орынсыз алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Қанат НӘЛІБАЕВ,

Жетісай ауданы.

ЖАН-ЖАҚТЫ ОЙЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған