Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды.
Өңір басшысы әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты.
Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени – рухани орталықтағы жаңа құрылыс алаңдарындағы абаттандыру барысын бақылап қайтты. Халықаралық әуежай аумағына 140 мың ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, 400 гектар жерге 200 мың түп қара өрік егілуде.
Түркістан қаласында жақын уақытта бірнеше саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылы мен Яссауи көшесінің бойында орналасқан «Желілік саябақ» пен «Орталық саябақ», «Түркі бағы» бар. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын.
Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ТҮРКІСТАННЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН КІТАПХАНАСЫ АШЫЛАДЫ