Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
   Министр жұмыс сапары барысында Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасында болды. Ферма жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Бағдат Мусинге сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтарды, жануарларды тазарту, диагностикалау жүйесі секілді ауыл шаруашылығының технологиялық үдерістерін автоматтандыру жобасы таныстырылды.
Ведомство басшысы ауылдық елді мекендерді Интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+» жобасына енген Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылдарын аралады. Бұған дейінгі шағымдар бойынша байланыс сапасының төмендігін көрсеткен өлшеулер жүргізілді. Сол жерде хаттама толтырылып, Операторлар, өз кезегінде, осы жылдың маусымына дейін мәселені шешуге уәде берді. ҚР ЦДИАӨМ бұйрық жобасын әзірленін, оған сәйкес байланыс сапасының көрсеткіштері (3G үшін 1,5 МБит/с, 4G үшін 5 МБит/с) анықталғанын атап өту қажет.
«Біз реттеуші ретінде операторларға ауыл тұрғындары қанағаттанатын сапалы байланыс ұсынылғанға дейін айыппұлдарды сала береміз», – деп атап өтті Бағдат Мусин Жусансай ауылының тұрғындарымен кездесуде.
Өңірге сапары аясында Министр «Turkistan 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Өткен жылдың қараша айында ашылған орталыққа осы күнге дейін қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында 12 мыңнан астам өтініш қабылданған.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Кентау трансформатор зауытында болып, өндірісті автоматтандырумен танысты. Бұған дейін зауыт ҚР ЦДИАӨМ қуатты трансформаторларды дайындау бойынша технологиялық процесті роботтандыруға инновациялық грант алған. Бұдан басқа, Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалының жұмысына баға беріп, мемлекеттік корпорация ұжымымен кездесті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА БАҒДАТ МУСИН ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған