Ауданымызда Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” және Мақтаарал ауданы полиция бөлімі, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ!» атты акция өткізілуде.

Аталмыш іс-шара аясында Мақтаарал ауданында орналасқан білім беру мекемелерінің жалпы 50-ге жуық оқушысы, Жетісай ауданына қарасты АПБ-ға экскурсия жасады. Оқушыларға Жетісай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімі, жедел басқару орталығы, уақытша ұстау изоляторы, криминалистика құралдары, атыс даярлығын өткізу тирі, көші-қон полиция бөлімшесі, азаматтарды қабылдау бөлмесі таныстырылып, қызметтік автокөліктері көрсетіліп, полицияның алдында тұрған негізгі міндеттері түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдық орындардағы, жолдардағы (жолда жүру ережесі) жүріс-тұрыстың, таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айтып өтілді. Мұндағы негізгі мақсат оқушылардың бойындағы еліне деген патриоттық сезімдерін оята отырып, қылмыстық құқық бұзушылық пен қоғамдық қауіпсіздіктердің алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстармен таныстыру және полиция қызметіне деген сенімдерін арттыру.

Өз кезегінде осындай игі іс-шараға куә болған оқушылар қауымы құқық қорғаушылардың жұмысы туралы жеткілікті мағлұмат беріп, ерекше экскурсия ұйымдастырған полицейлерге өз алғыстарын білдірді.

«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ!»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған