Жалпы суицидті зерттеген ғалымдардың арасында Эмиль Дюркгеймнің көзқарасы ерекше орын алады. Оның “Суицид” атты еңбегі суицидтің әлеуметтік факторларын зерттеген алғашқы жұмыстардың бірі. 1897 жылы жарық көрген бұл еңбек, суицидті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік факторлар дегеніміз, біз өмір сүріп жүрген қоғам. Мысалы, отбасы, қоғам, дін секілді бізге әсер етуші ішкі және сыртқы факторлар.
Қазіргі қоғамда орын алып отырған суицидтепдің де басты мысалы осылар. Отбасындағы кикілжің, әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, психикалық қысым немесе ауытқу, қоғам тарапынан жасалатын әлімжеттік, осылардың барлығысуицидтің негізгі себептері. Статистика бойынша суицид жасайтын адамдардың басым көпшілігі психологиялық тұрғыдан әлсіз болып келеді. Яғни, ондай адамдар қоғамнан оқшауланған, табиғаты жалғыздыққа бейімделген адамдар. Көбіне өзіндік пікірінен қарағанда, өзге тараптың бағыттауына ілесіп кететін, тез еліктегіш адамдар. Қазіргі таңда қоғамда мұндай адамдар саны өте көп. Оған себеп күнделікті таратылатын ақпараттардың тым көптігі. Адам миы ең әуелі ақпараттың жеңіл түрін тез қабылдайды. Ал ондай жеңіл дүниелердің көбісі қоғамдағы теріс ағымдар. Әрине, әрбір теріс әрекетті қоғаммен тікелей байланыстыра алмаймыз. Бұл мәселеде отбасының рөлі де аса маңызды. Бала өз отбасынан қажетті жылуды ала алмаған жағдайда, оған сыртқы фактордан жылу бөлінеді. Ата-ананың баламен қарым қатынасы тығыз болмағандықтан көп балалар тұйық немесе ынжық болып қалыптасады. Ал ондай адамдар үшін көзге пана болып көрінетін, теріс ағым салалары.
Кейбір адамдардың пікірінше суицид белгілі бір тылсым күш. Тіпті оны батырлыққа санайтын адамдарды да кездестіруге болады. Себебі, адам өзін-өзі өлімге қиюы көпшіліктің қолынан келе бермейтін әрекет. Сондықтан оны батырлыққа балайды. Алайда, шын мәнінде суицид адамның ішкі және сыртқы факторлардын туындаған проблемаларының нәтижесінде, өзінің ішкі сезімдерін басқара алмауы. Бұл проблема қоғамдағы өзекті дертке айналып отыр. Адамның тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды орта ол отбасы. Отбасындағы әрбір әрекет баланың психологиялық жетілуіне тікелей әсер етеді. Одан кейінгі кезекте білім беру институттары. Яғни, балабақша, мектеп секілді баланың ой санасы мен білімін дамытатын орталар. Осы екі кезеңнен, бала өз нормалары арқылы тәрбиеленсе, болашақта психологиялық проблемаларға аса душар болмайды. Сондықтан, осындай үлкен дерттіғ алдын алуда, қарапайым әрі жауапты дүниелердің маңызы өте зор.
Н.ИЛИСОВА,
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ педагог-психологы.
Жетісай ауданы.