Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, «Тәуелсіздікке тарту-30 Әлем чемпионы» марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйледі.
«Міне тұғырлы мерекеміз Қазқстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында, жерлестеріміз Әлем чемпионатынан 30 алтын алқа алып отыр. Бұл айтулы мейрамға өте құнды да, бағалы тарту болды. Спортпен шұғылданып, өз денсаулығымызды күтуіміз әрбіріміз үшін өте маңызды болса, ал осы спорт арқылы өз елінің абыройын асқақтатып, Әнұранын шырқатса бұл спортшының ғана емес бүкіл елдің беделі. Жақында ғана Румыния мемлекетінің Бухарест қаласында өткен армрестлингтен Әлем чемпионатында » Шардара Армспорт клубының» құрамасы дүниежүзінің алдында 25 рет Әнұранымызды шырқатса, гір спортынан Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 5 рет көк Туымыз көкке көтерген болатын.
Спортшыларымызға әрқашан жеңіс пен абырой тілей отырып, отбасыларына аманлық, толағай табыстар тілеймін»- деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, аудан әкімінің чемпиондарға салтанатты түрде Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарымен табыстады.
Аудан әкімінің марапаты 30 спортшы ие болды. Марапатталған Әлем чемпиондарының көп болғандығы сонша, сахнада ине шаншар орын қалмады.
Марапаттаудан соң Шардаралық компазитор Әділғазы Ибаргимов «Шардара Армспорт» клубына арнайы тарту ретінде шығарған « Қол күрес» әнін орындады.
Шара соңында қол күрестен 2 дүркін әлем чемпионы Мағжан Шамиев құттықтау сөз сөйлеп, бүкіл спортшылардың атынан аудан халқының қолдауына алғыс білдіріп, жеңісті күндердің көп болуын тіледі.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ШАРДАРАДАН 2021 ЖЫЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҚТЫ