Жуырда облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берілгені белгілі. Сол тапсырма аясында биылғы жылдың 28-30 тамыз күндері аудан әкімі Бақыт Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарында болып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.

Осы сапардың нәтижесін көпшілікке түсіндіру мақсатында Мырзакенттегі аудандық Мәдениет үйінде аудан басшысы Бақыт Асанов, ауданның шаруа қожалық басшылары мен  жеке кәсіпкерлерімен кәсіпкерлікті дамыту бағытында арнайы жиын өткізді.

Аудан делегациясы іс-сапар барысында бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен қысқаша танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру жағына осы жиналыста бас мән берілді.  

Жиын барысында аудан әкімі Б Насырханұлы мен онымен бірге сол іскерлік сапарда болып қайтқан аудан кәсіпкерлері көрші мемлекеттің кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесін ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын – аяқ киім тігу, жиҺаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстарды атқаруымыз қажеттігіне тоқталды. Олар сол арқылы өзбекстандық кәсіпкерлер секілді дайын өнім өндіру саласына баса мән беруіміз керектігін және де сол өнімдерді экспорттайтын жаңа нарықтар жағын да басты назарда ұстауымыз керектігінатап өтті.

Сөзге шыққан азаматтардың өтінішіне орай, алдағы уақытта аудан көлемінде инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округтің аумағында түрлі кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жинап, қажетті мамандардың қатысуымен жиі жиындар ұйымдастыру қарастырылуда.

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДЕН ҮЙРЕНЕРІМІЗ КӨП

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған