6 қыркүйек күні Мырзакент кентінің орталық алаңында «Өнерлі өлке өрендері» аудандық өнер фестивальы аясында Атакент кентінің мәдениет күндерінен басталды.

Бұл мәдени іс-шараға кенттің қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындылары мен қолөнер туындылары, ауылдың жетістіктері жайлы көрмелер, ұлттық салт-дәстүрлер  мен әдет-ғұрыптарымызға негізделген көріністер қойылды. Сонымен қатар кентте өндірілетін өнімдерден де көрме жасалды. Ал кешкі сағат 18:00-де кент өнерпаздарының гала концерті өтіп, олар мырзакенттіктерге ұмытылмас көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетерлігі, кенттер мен округтер тұрғындары арасында таланттарды іздеу мақсатында өтетін «Өнерлі өлке өрендері» атты аудандық өнер фестивалі Мырзакент кентінің орталық алаңында биылғы жылдың қыркүйек-қазан, қараша айларында белгіленген кестеге сәйкес сағат 18.00-де өтеді. Әр аптада белгіленген кестеге сәйкес ауылдық округтің немесе кенттің таланттары өз өнерін көрсетеді. Фестиваль соңында жеңімпаздар облыстық деңгейдегі сайыстарға аудан атынан баратын болады.

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ ӨРЕНДЕРІ» ФЕСТИВАЛІ АТАКЕНТ КЕНТІНІҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІМЕН БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған