Агенттікпен іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының Еріктісі ретінде студенттік қоғамдастықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ұсынысымызбен бүгін 1 наурыз күні облыс аумағындағы колледждерде «Мен мамандығыма Адал боламын!» бірыңғай сағаты өтті.
Бірыңғай сағатта 40 мыңнан аса білім алушылар адалдықты айқындау бағытындағы ой-пікірлерін көрсетіп эссе жазды.
Білім алушылар өздері таңдаған мамандығын, қоғамға қосатын үлесін, адалдық пен шыншылдықтың қажет екенін, басты құндылық ақша табу емес елге адал қызмет ету керектігін ашып көрсеткен.
Бірыңғай сағаттың негізгі мақсаты – жастардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Облыс аумағындағы колледждерде «Мен мамандығыма Адал боламын!» бірыңғай сағаты өтті