2024 жылдың қазан айының 21- жұлдызы. Білім алушылар үшін ерекше күн болды. Комбоджо елінде еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын асқақтатып, қазақ атты рухты елдің ұрпағы екенін дәлелдеп, Азия елдеріне қазақтығымызды паш еткен ауылымыздың мақтанышы, мектебіміздің түлегі, Азия чемпионы атанып келген Полат Дарханмен кездесу болып өтті.

Мұхит асып көк туымызды желбіреткен ағаларын туған жерінде, алтын ұя мектебінде көк туды желбіретіп ізінбасар іні- қарындастары күтіп алды. Кездесу барысында Азия чемпионы Дархан өзінің спорт әлеміне алғаш келген кезінен бастап, қазіргі таңдағы жеткен жетістіктер баспалдағы туралы айтып өтті. Әсіресе, ең тебірене отырып айтқан әңгімесі 6-сынып оқушысы кезінде алғаш бокспен айналысқан кездері, бапкері Б. Бахтияровтың жаттықтырып, үнемі қолдап, демегені туралы болды. Ең қызығы мен мақтана айтарымыз екі спорт саңлағы да өзіміздің мектебіміздің шәкірттері. Екеуінің де сынып жетекшісі мектебіміздің ұлағатты ұстазы химия-биология пәнінің мұғалімі Құралбаев Қайрат ағайымыз. Мектебімізде осындай елжандылыққа, салауатты өмір салтына шәкірт тәрбиелеген ұстаздарымыздың бар екендігін және де ұстазының берген тәлімін өмірде игілікті жолға пайдаланып жүрген шәкірттеріміздің бар екендігін мақтан етеміз. Әрбір мектептен, әрбір ауылдан осындай тұлғалар жұлдыздай жарқырап шыға берсе еліміздің қорғаны, тәуелсіздігіміздің тірегі болары сөзсіз- ақ.
Мектебімнің түлегі,
Отанымның жүрегі.
Жас ұрпағым рухты,
Ел қадірін біледі.
Ел қадірін білетін түлектеріміз көп болсын!

N44 “Жаңа дала” ЖББМ.

Мектебімнің түлегі – Отанымның тірегі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған