Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Мақтаарал ауданы әкімдігінің Үлкен мәжіліс залында «Дәрігерлердің нұсқауымен (рецепт) сатылатын дәрі-дәрмектердің рұқсатсыз сатудың алдын алу» жөнінде мекемеаралық жиын болып өтті. Оған Мақтаарал ауданы прокуратурасы, құзырлы органдары, аудандық қоғамдық кеңестың төрағасы М.Ердешов және аудан ардагерлері, ауыл билері, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, тиісті дербес бөлімдерінің басшылары, аудандағы барлық дәріханалардың басшылары мен өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында, ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Асабаев Куралбек Бекбулатович қатысып, дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқамасынсыз сатылған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданатындығын түсіндірсе, Атакент кентінде орын алған оқиға қазіргі таңда қатаң бақылауда екенін Мақтаарал ауданының прокурорының орынбасары Дәурен Зұлпыхаров атап өтті. Сонымен бірге, ол фармацевтикалық дәрі-дәрмек сататын дәріханалар тек қана арнайы дәрігердің рұқсат қағазы болған жағдайда сатылуы қажет. Егер рұқсатсыз сатылатын болса, заң аясында жауапқа тартылып, тиісті шаралар қолданылатынын да ескертті.
Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Б. Төребеков осы мәселе бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар беріп, оларға дәрі-дәрмектердің рұқсатсыз сатудың алдын алу бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.