Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен, Еңбекші ауылдық округіндегі  Нұрлы таң елдімекенінде кіші футбол түрінен жастар арасында жарыс өтті.

Мақсаты: ауыл жастарын спортқа баулу, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды көздеген жарысқа барлығы 12 команда қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен жарыстың нәтижесінде: 1 орынды – Жантақсай, 2 орынды – Мырзакент, ал 3 орынды – Нұрлы таң ауылының футбол командалары жеңіп алса,  футболшылар – Әбдумәлік Шәміл – үздік қақпашы, Нұржігіт Ердешов – үздік қорғаушы, Дүйсенғали Кенжетаев – үздік шабуылшы және Нүркен Мұсылман – үздік ойыншы номинацияларымен марапатталды.

КІШІ ФУТБОЛ ТҮРІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС БОЛЫП ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған