2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қолданысқа енгізілді.
Осы күнен бастап бұған дейін қолданыстағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары күшін жойды.
Бұл ретте азаматтар тарапынан аталған Кодекс туралы не білеміз, азаматтарға қандай кепілдіктер берілген, ол кандай мәселелерді реттейді деген сұрақ туындауы мүмкін.
Кодекс әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібінреттеуге және қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешуге бағытталған Кодекс.
Кодекс азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау мәселесін реттейді. Азаматтардың мемлекеттік органдардан Заң бойынша алуға құқығы бар иелікті талап етуге құқылы екенін ұмытпау керек. Бұл талаптар Кодексте белгіленген принциптерге сәйкес күшінде болады.
Сондай-ақ, Кодекске сәйкес судьялар өте маңызды рөл атқарады. Себебі мемлекеттік органдардың шешімдерінің Әкімшілік рәсімдік – процестік Кодекстің талаптарына сәйкестігін дәл соттар тексереді. Жеке әкімшілік соттар құрылды. Бұл соттар азаматтар мен мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың арасындағы дауларды қарайды.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік беретінін назарларыңызға саламыз.
Жетісай ауданы прокуратурасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ТУРАЛЫ